Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

Бүгіннен бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі. ҚазАқпарат ІІМ және агенттік тілшілері бұған дейін дайындаған ақпараттарға сілтеме жасап шетелден көлік әкелген қазақстандықтар жалпы нені білуі керек деген ақпаратқа шолу ұсынады.

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақ рульді автокөліктер.

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР
-Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
-Криминалдық есепте болмауы керек;
-Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
-Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.
Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
-е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
-деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
-ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР
- Өтінім;
- Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады.

ҚАНША МЕМЛЕКЕТТІК АЛЫМДАР ТӨЛЕНЕДІ
-Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
-Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
-Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.
Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.
Шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.
Сондай-ақ шетелдік көліктерді заңдастыруға көмек көрсететін сall-орталықтар іске қосылды. Барлық өңір бойынша телефонды осы жерден алуға болады.

Айта кетсек, сall-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылды.

Шетелден әкелінген қандай көлік түрі заңдастыруға жатпайтыны туралы толық ақпараттан оқуға болады.
Сонымен қатар шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылатыны айтылды.
23 қаңтар 2023 ж. 576 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930