Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚЖОНАЛЫҚТАР ЖЫЛТЫР ЖОЛДА ЖҮЙТКИДІ

АҚЖОНАЛЫҚТАР ЖЫЛТЫР ЖОЛДА ЖҮЙТКИДІ

Тілшілік тіршіліктің келесі аялдамасы - Ақжона ауылдық округі болды. Жуырда ғана әкімі ауысқан ауылдың тұрғындары өткен жылы спорт алаңына орташа жөндеу сұраған. Жағдайды дереу назарға алған жауаптылар бұл үшін 2,5 миллион теңге қараған.
Одан бөлек, округ көшелеріне орташа жөндеу қажет екенін айтқан ағайын мұның да жауабын алды. Аудан басшысының айтуынша, 3,9 шақырым болатын 4 көше 129 миллион теңгені құрайды. Ал ол үшін жоспар жасалынып жатыр екен.
Ақжона жұртына бірінші қажет ғимарат - Мәдениет үйі. Одан соң бақша егетін жер керек және оған аяқсу тартылуын бір жолға қою қажет.
Ал келер жылы ауылға 50 жыл болатынын ескерсек, соған сай шаралар атқарылып, балабақша бой көтерсе дейді сондағы ағайын.
Мұнда кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастар аз емес. Ол үшін жолдарын таныстырып, елдің аузында жүрген 2,5 проценттік несиені алуға жағдай жасау қажет. Міне, осының барлығы Ақжонадағы тұрғындардың базынасы. Басқосу соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қойылған ұсыныстарға жауап беріп, назарда болатынын жеткізді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 ақпан 2023 ж. 295 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031