Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында болып «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын тамашалады.
«Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы адамзат тарихындағы біртуар тұлғалардың болмыс-бітіміндегі жасампаз рух – балалық шақтан бастау алатын, жас ұрпақтың дүние танымына, жан дүниесіне, рухани болмысының қалыптасуына әсер ететін Абай ғұмырының бозбала кезеңін арқау етеді. Аталған қойылымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова жас Абайдың анасы Ұлжанның рөлін сомдады.
Спектакльден кейін алғашқы болып сөз тізгінін алған министр Ақтоты Рахметоллақызы қазақ сахнасына жаңа жас театр келгенін, жас болса да, талантты актер, актрисалардың өнеріне тәнті болғанын жеткізді. Сонымен қатар, театр бір адамның еңбегі емес, барлық ұжымның еңбегі екенін, енді осы Музыкалық жас көрермен театрының тұрақты көрермені болатынын, аталған театрдың болашағы жарқын болатынына сенімді екенін айтты.
Министр Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы Самал Еслямованың қоржыны кезекті марапатпен толыққанын атап өтіп, Ресей кинематография өнері академиясының «Ника» жүлдесін табыстап, құттықтады.
baq.kz


07 мамыр 2021 ж. 1 192 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 29

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 31

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 29

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 27

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 27

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 24

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031