Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда құмар ойындар мен бәс тігу бойынша көрсетілетін қызмет көлемі артты

Қазақстанда құмар ойындар мен бәс тігу бойынша көрсетілетін қызмет көлемі артты

Cектордағы қызметтердің ең көп көлемін орта бизнес қамтамасыз етті. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі 456,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есеге көп, деп жазады inbusiness.kz Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Cектордағы қызметтердің ең көп көлемі орта кәсіпорындарға тиесілі (276,4 млрд теңге). Одан кейінгі орындарда шағын (163,1 млрд теңге) және ірі кәсіпорындар (16,7 млрд теңге) орналасты. Жеке кәсіпкерлер 9,9 млн теңгенің қызметін көрсетті.

Осы тұста 2021 жылы қызметтердің ең үлкен көлемі шағын компанияларға (38,1 млрд теңге), одан кейін ірі (9,9 млрд теңге) және орта кәсіпорындарға (тек 5,8 млрд теңге) тиесілі болғанын айта кету керек.

Меншік нысаны бойынша жеке компаниялар сектордағы қызметтердің жалпы көлемінде 293,3 млрд теңгені қамтамасыз етті. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 17 есеге көп.

Қызметтердің айтарлықтай көлемі шетелдік компанияларға тиесілі: 162,9 млрд теңге. Бұл 2021 жылға қарағанда 4,5 есе артық.
12 қаңтар 2023 ж. 300 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930