Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт саңлағына құрмет көрсетілді

Спорт саңлағына құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бокстан Иорданияда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегері Гүлсая Ержанды қабылдап, жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды qazaly.kz.
– Биыл Қазалы ауданының спортшылары үшін жемісті де жеңісті жыл болып тұр десек қателеспейміз. Себебі еліміздің көк байрағын желбіретіп шаршы алаңға шыққан спортшыларымыз намысты қолдан бермей, жеңіске жетті.
Күрзі жұдырықты Гүлсая өзінің жастығына қарамай көптеген белестерді бағындырған. Атап айтар болсақ, ол бокстан жастар арасындағы еліміздің 3 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медальға қол жеткізіп, әйелдер арасындағы ел біріншілігінде екінші, үшінші орындарға ие болды.
Бұл әрине бір күнде қол жеткізетін жетістік емес. Гүлсая әлемдік додада топ жару үшін жаттығуларда тынбай еңбек етіп, бапкердің айтқан ақыл-кеңестерін екі етпей орындады деп ойлаймын. Спорт бәсекелерінде жеңіске жеткен Гүлсая мен оның жаттықтырушысы мен ата-анасы және ата-әжесіне аудан халқы атынан құттықтаймын, – деді аудан басшысы.
Қабылдауға Қазалының қайсар қызымен бірге оның бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаев пен ата-әжесі Ержан Исмайлов мен Үржан Базарбаева да қатысты.
Құрлықтың бәсекеде жеңіске жеткен спортшыны аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап та құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Мұхтар Әуесұлы Халықаралық турнирде ауданның намысын қолдан бермей, күміс медальді қанжығалаған Гүлсая Ержанды «Алғыс хатпен» марапаттап, 200 мың теңгенің сертификатын тапсырды.
Сондай-ақ, боксшының бапкері Бақытбек Құлбаев пен ата-әжесі Ержан Исмайлов мен Үржан Базарбаеваны «Алғыс хатпен» марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қараша 2022 ж. 417 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930