Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау қазақстандықтардың белсенділігін көрсетті – ТМД бақылаушылары

Сайлау қазақстандықтардың белсенділігін көрсетті – ТМД бақылаушылары

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы тыныш әрі еш заңбұзушылықсыз өтті. ТМД бақылаушылар миссиясы 20 қарашаа өткен саяси науқанға осындай баға берді, деп хабарлайды sputnik.kz.
ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, миссия басшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, сайлау ұйымдасқан түрде өтті. Қазақстанның сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелмеді.
"Науқан тыныш өтті. Қалалар мен өңірлерде сайлаушылардың сайлауға қатысу көрсеткіші әртүрлі болды. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Басқа өңірлермен салыстырғанда Алматыда белсенділік төмен болды. Бірақ республика бойынша көрсеткіш әжептәуір жоғары. Қазақстан сайлаушылары айтарлықтай жоғары белсенділік танытты", - деді Лебедев Орталық сайлау комиссиясының кулуарында.
Айтуынша, сайлау, біріншіден, қазақстандықтардың белсенділігін, екіншіден, кемелдігін көрсетті. Лебедев мұны өте маңызды фактор деп санайды.
ТМД бақылаушылар миссиясы – барлығы 174 адам Қазақстанда бір ай бойы жұмыс істеген. Барлық дерлік облысты аралап, сайлауға дайындық пен науқанды өткізу барысымен егжей-тегжей танысқан.
ТМД бақылаушылары 1000-нан астам сайлау учаскелерін аралады. Мониторинг Қазақстан аумағында, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық мекемелер жанынан ашылған сайлау учаскелері бар басқа елдерде де жүргізілді.
ТМД миссиясының өкілдері сайлау науқанының барысына әсер ететін өрескел заңбұзушылықтарды байқамаған. Тек ұсақ-түйек техникалық кемшіліктерді ғана тіркепті. Мәселен, сайлау учаскелерінің алдында кішігірім кезек түзілген. Кейбір адамдар өз учаскелерін шатастырып алған, бірақ комиссия мүшелері оларға жөн көрсеткен.
Сондай-ақ бақылаушыларға арналған орындықтардың ыңғайсыз тұрғанын көрген. Байқаушылар бүкіл процесті ашық бақылай алуы үшін олар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінен орындықтарды, енді бірде урналарды жылжытуды өтінген.
"Мұны заңбұзушылық деп атауға болмайды", дейді Лебедев.
21 қараша 2022 ж. 181 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 96

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930