Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 64 педагог миллионер атанды

64 педагог миллионер атанды

Елордада «Үздік педагог-2022» республикалық байқауында жеңімпаз атанған 64 мұғалім марапатталды, деп хабарлайды inform.kz.
Салтанатты марапаттау рәсімінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті. Жеңімпаз атанған әр ұстазға 3 млн теңгенің сертификаты берілді. Жалпы, осы мақсатқа 190 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Бүгін жыл сайын өтетін «Үздік педагог-2022» байқауының қорытындысын шығардық. Бұл педагогтеріміз үшін өте маңызды оқиға. Себебі, бұл оларды әріптестерінің де мойындауы саналады. Биыл байқаудың бірқатар ерекшелігі болды. Біріншіден, бұрын конкурсқа қатысушы туралы шешімді мектеп директоры қабылдайтын. Яғни, мектеп кандидатты ұсынып, одан кейін білім беру бөлімдері деңгейінде іріктеу өтетін. Ендігі уақытта әр педагог өз кандидатурасын ұсына алады. Екіншіден, әріптестеріміз өтінімдерінің қандай кезеңде тұрғанын, қанша балл алғанын қадағалау мүмкіндігін алып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның дерегінше, биыл байқауға 5,5 мың педагог өтінім берген.
«Әріптестеріміздің барлығы республикалық кезеңге өткенімен олардың ішінен ең үздік 120 педагог іріктеп алынды. Олар елордаға келіп, өздерінің ашық сабақтарын көрсетті. Соның қорытындысында жетекші әдіскерлеріміз ең үздіктерге дауыс берді. Олар – 64 педагог», - деді министр.
18 қараша 2022 ж. 385 0

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930