Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 123 мұғалім «Үздік педагог» атағына үміткер

123 мұғалім «Үздік педагог» атағына үміткер

Биыл «Үздік педагог» атағына 123 мұғалім үміткер. Олар байқауға қатысқан 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынды. Конкурс қорытындысы бойынша барлығы 64 жеңімпаз анықталады, деп хабарлайды egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство хабарлағандай, биылғы байқаудың барлық кезеңі толығымен цифрландырылған. Соның арқасында республика бойынша барлығы 5,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл - бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш.
Қазір байқаудың ақтық сынына балабақшалар мен мектептердің 103 мұғалімі, колледждердің 20 мұғалімі қатысып жатыр. Олар аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша ұсынылған.
«Биыл алғаш рет өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау және апелляция беру teachercontest.iac.kz порталында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ өтінім берілген сәттен бастап барша үміткер онлайн режимде байқаудың барлық динамикасын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Яғни қатысушылар қай кезеңде, оларға сарапшылар қандай ұпай берді және т.б. бақылай алды. Биылдың тағы бір жаңалығы – әріптестеріміз конкурс комиссиясы бағалайтын ашық сабақтар өткізеді. Жүлде қорын да көбейттік. Осындай шаралардың арқасында қатысушылар саны ғана емес, олардың сапалық құрамы да артып келеді», деді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Айта кетсек, «Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Осы уақыт аралығында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болды.
09 қараша 2022 ж. 316 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 42

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031