Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлық өңірде жел, бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде.15 қарашада еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар ұшқындайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Солтүстікте, таулы аудандарда және тау бөктерінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с, өңірдің батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Қызылордада батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен сел соғады. Өскеменде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында, солтүстігінде көктайғақ орын алады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде батыстан жел соғады, таулы аудандардағы екпіні 23-28 м/с құрайды. Шымкентте таңертең және түстен кейін қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, боран болады, жолдарда қар борау қаупі жоғары. Облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 17-22 м/с, облыстың солтүстік шығысында 28 м/с құрайды. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде солтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.
15 қараша 2022 ж. 225 0

Мен өмірді қалаймын

06 қараша 2024 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930