Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады

Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады

2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл құжатта аталған сайлауға қатысты тиісті нормалар ескерілген.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. Ал 2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін болады», - деді А. Мұқанова заң жобасын таныстыру барысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1 қыркүйекте жариялаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.
02 қыркүйек 2022 ж. 584 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930