Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Озаттар төрге озды

Озаттар төрге озды

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазалы ауданы биыл үшінші рет қатарынан «Озат аудан» номинациясымен марапатталғанын да қуанышпен жеткізді. Мұнан соң табысқа жеткен еңбеккерлерге құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыстады.
Аталған жиында «Рза Асыл Түлік» ЖШС директоры Жеңіс Қарабалаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін кеудесіне тақты. «Рза Агро» ЖШС механизаторлары Баубек Бердалиев пен Әсет Рамберді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Мақсатбай» шаруа қожалығының жетекшісі Темірхан Мақсатбаев пен «Кеңесбай» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Кеңесбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Бірқатар сала ардагерлері облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен», жеке кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов Астана қаласы әкімінің «Алғыс хатын» иемденді.
Биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешені бойынша үздік жетістіктерге жеткен озаттарға түрлі номинациялар табысталып, бағалы сыйлықтар үлестірілді. Күріш дақылынан мол өнім алған шаруашылықтар да марапат төрінен көрінді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биыл ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген «Агро-Өркен» ЖШС «Үздік шаруашылық» номинациясына ие болды. Серіктестік аудан әкімінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. Олар егілген 600 гектар күріштің әр гектарынан 50 центнерден өнім алды. Осылайша аудан экономикасының дамуына ерекше үлес қосты.
Әр гектардан орташа 45,5 центнерден өнім алған «РЗА-Агро» ЖШС-на аудан әкімінің ІІ дәрежелі дипломы берілді. Ал аудандық мәслихат депутаты Төребек Игіліков басшылық жасайтын кәсіпорын «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясына ие болды. Балық зауыты 3632 тонна балық аулап, оның 456,6 тоннасын өңдеп, экспортқа шығарған.
Жеке кәсіпкер Төребек Жұмабекұлы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне ерекше атсалысқаны үшін Астана қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» де марапатталды. Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің мерейін үстем еткен көңілді кеште өнерпаздар ән-күйден шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.
Айта кетейік, қазалылық диқандар биылғы жылы егілген 6361 гектар күріштің әр гектарынан 33 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 21 мың тоннадан астам астық құйды.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
05 қараша 2022 ж. 530 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 30

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930