Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантты менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр

Талантты менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр

Қазақстанда университет бітірген талантты жастар арасынан менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Айтуынша, жұмыс берушілер, бизнес-құрылымдар, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік әкімдіктер өкілдерін корпоративтік басқаруға кеңінен тарту жұмысы жалғасын табады.
"Біз жоғарғы білім саласындағы топ-менеджерлердің біліктілігін үнемі арттыру мақсатында форсайт-сессияларды, курстарды бастамақпыз. Университеттер ішінен шыққан талантты, көшбасшылық қасиеттері бар менеджерлер резервін құру жұмысын да жүргізудеміз", - деді Саясат Нұрбек үкімет отырысында.
Сонымен қатар институционалдық инвесторларды тарту және басқару жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені ескеріп, "Нысаналы капитал қорлары туралы" заң жобасының тұжырымдамасы пысықталып жатыр.
Бұдан бөлек, "Педагог мәртебесі туралы" заңына университеттердің профессорлық-оқытушы құрамы мен ғалымдарын әлеуметтік қолдау пакеті бойынша өзгерістер енгізіледі.
01 қараша 2022 ж. 275 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031