Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп директорларының жалақысын есептеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Мектеп директорларының жалақысын есептеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектептерге басшы болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі кезде мектеп басшыларына еңбекақы төлеу мәселесі өткір, біз мұны жақсы білеміз. Жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектепке басшы болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды. Ал жалпы алғанда, ең үздік мұғалімдер завуч немесе мектеп директоры болуға мүдделі емес. Мұны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан, әрине, бұл бағытта өзгерістер қажет, - деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, мектеп директорларының жалақысы мұғалімдерге қарағанда төмен болатын жағдайлар көп, бұл өз кезегінде әртүрлі тәуекелдерді тудырады.
Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі біздің мектептердің директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, оның ішінде әртүрлі ұйымдар үшін сыйақыны дифферсификациялау да жатады. Бұл арада айтайын дегенім, біз 40 баласы бар директорға да, 1200-2000 баласы бар директорға бірдей жалақы төленетін жағдайға назар аударту. Әлбетте, мұндайда жүктеме мен жауапкершілік дәрежесі әртүрлі болады. Біз бұл туралы мәселе көтердік, министрлік тиісті шешім дайындап жатыр, - деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.
19 тамыз 2021 ж. 619 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 153

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 171

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031