Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылға дейін 212 арнада су есебі цифрландырылады

2025 жылға дейін 212 арнада су есебі цифрландырылады

2025 жылға дейін 212 арнада су есебі цифрландырылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін суару арналарын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылға дейін 212 арнада су есебін цифрландыру жоспарланған. Былтыр - 23 арна, биыл 89 арна цифрландырылды. Жалпы, аталған іс-шараларды орындау нәтижесінде судың артық шығыны 1,2 текше шақырымға төмендеуі күтіледі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобада 2025 жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолданып, жер көлемін 265 мың гектардан 450 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген.
«Өнеркәсіпте айналымды және/немесе қайта сумен жабдықтау көлемін ұлғайту есебінен тұщы су алу көлемі 1,3 текше шақырымға қысқартылатын болады. Сондай-ақ суды үнемдеу үшін су үнемдейтін технологиялар енгізуді ынталандыратын тарифтерді белгілеу қажеттілігіне баса назар аударылатын болады. Тариф экономикалық құндылықты көрсетіп, оны ұтымды пайдалануға ынталандыруы керек», - деді Серікқали Брекешев.
20 қазан 2022 ж. 328 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 113

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031