Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда алғаш рет әуеден сексеуіл егіледі

Аралда алғаш рет әуеден сексеуіл егіледі

Жыл соңына дейін әуеден тұқым тастау арқылы 100 мың гектар жерге сексеуіл себіледі. Бұл өсімдікті жердің шөлейттенуімен күресу кезінде жиі қолданады. Қарашада Арал теңізінің суы тартылған аумағына алғаш рет сексеуіл тұқымы әуеден себіледі, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

"Біз Өзбекстанда сәтті өткен тәжірибені пайдалана отырып, биыл алғаш рет сексеуілді аэросебу әдісін қолданамыз. Осыған байланысты Ынтымақтастық жол картасына қол қойылды", - деді Брекешев үкімет отырысында.
Министр сөзіне сәйкес, 1 қазаннан бастап Аралда топырақты дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 15 қарашадан бастап аэросебу арқылы сексеуіл отырғызылады. Биыл 100 мың гектар жер көлеміне сексеуіл тұқымы әуеден себіледі.

Қазақстан аумағында жатқан Арал теңізінің суы тартылған бөлігі 2,2 миллион гектарды алып жатыр. 2021 жылға дейін 337 мың гектарға сексеуіл тұқымы себілді.
2021-2025 жылдар аралығында 1,1 миллион гектарға сексеуіл егіледі деп жоспарланып отыр. Яғни, ол үшін 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 250 мың гектарға ағаш тұқымы себіледі.
Сексеуіл – биіктігі бір жарым метрден 12 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Ол топырақ түзгіш өсімдік болып саналады. Сондықтан сексеуілді жердің шөлейттенуімен күресу кезінде жиі қолданады.
Сексеуіл өзінің тереңге жайылған тамыры арқылы құмды нығайтып, құмды борандарға төтеп беру арқылы құнарлы жерді, өзен мен су арналарын құмнан қорғайды. Ол топырақ суының деңгейін реттеп, жерді сор мен құм басуынан сақтап қалады.
04 қараша 2021 ж. 641 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930