Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 9 су қоймасы салынады

Қазақстанда 9 су қоймасы салынады

Елімізде 2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 9 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еліміздегі 8 су шаруашылығы бассейнінің 7-уі – трансшекаралық. Су жеткізуде климаттық факторлардан бөлек, транасшекаралық елдердің су шаруашылығы тәжірибесі әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда су экожүйелерінің қажеттілігі қалдық принципі бойынша қанағаттандырылады. Арал мен Балқашқа қатысты проблеманың басты себебі осында. Елімізде суды пайдалану тиімділігі төмен. Айталық, бір өнімге Ресей мен АҚШ-қа қарағанда 3 есе, ал Австралияға қарағанда 6 есе көп су жұмсалады», деді Серік Қожаниязов елордада өтіп жатқан «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресі барысында.

Сондай-ақ вице-министр су шаруашылығына қатысты мәселелер «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобалары және 2025 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік кешен аясында шешілетінін атап өтті.
«Қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін су қоры 1,7 текше шақырымды құрайтын 9 жаңа су қоймасы салынады», деп толықтырды спикер.
Одан бөлек, министрдің орынбасары Президенттің тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексін әзірлеу бойынша жұмыстардың жүріп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жаңа Су кодексі еліміздегі су ресурстарын сақтауға және оны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
02 маусым 2022 ж. 864 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031