Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі Құмжиек пен Басықара ауылдық округтерінің халқымен кездесті

Қазалы ауданының әкімі Құмжиек пен Басықара ауылдық округтерінің халқымен кездесті

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесулері түстен кейін Құмжиек пен Басықара ауылдық округтерінде жалғасты.
Қ.Пірімов ауылдық клубында өткен кездесуде Мұхтар Әуесұлы Құмжиек ауылдық округі әкімі болып сайланған Әділхан Әбіловті тұрғындарға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнан соң 9 айдың қорытындысы бойынша ауданда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ұсыныс-пікірлерге кезек берілгенде ауыл тұрғындары өз ойларын жеткізіп, бірқатар мәселелерді айтты. Атап айтар болсақ, елді мекен маңындағы жайылымдық жерлерді суару үшін шлюз орнату, қоқыс полигонының орнын ауыстыруды сұрады. Тұрғындардың көтерген мәселесіне байланысты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жауап беріп, шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Басықара ауылында өткен кездесуде де Мұхтар Әуесұлы алдымен ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен таныстырып өтті. Содан кейін тұрғындарға кезек беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Басықаралықтар елді мекен маңынан скважина қазу, тұрақты жұмысқа орналасу сияқты мәселелерді көтерді.
Мұхтар Әуесұлы Басықара ауылынан скважина қазу үшін биыл жоба-сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын, келесі жылы қаржыландыруға ұсынылатынын айтты.
Басқосуда өзге тұрғындардың сауалдарына да жауап беріліп, заңдылықтарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қос елді мекенге сапары кезінде мектептерге арнайы барып, білім ордаларының жай-күйімен танысты. Қысқы жылу беру маусымына дайындығы да пысықталды.
Қ.Пірімов пен Басықара ауылдарындағы халықпен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық мәслихат депутаттары Әбдуәли Рахметов, Ғазиз Әліш, Ерболат Мұқашов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
19 қазан 2022 ж. 388 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930