Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар жылына базарлық

Балалар жылына базарлық

Биыл – Балалар жылы. Осы мақсатта ауданда атқарылған істер аз болмады. «Строй Модуль Астана» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен Әйтеке би кентінен ойын алаңын салып бергені туған жерге құрметтің көрінісі десек қателеспейміз.
Аудандық оқушылар үйі ауласынан салынған алаңда балалар үшін сырғанақ, әткеншек секілді жабдықтар мен әртүрлі спорт құрылғылар орнатылған. Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Балаларды қуанышқа бөлеген жеке кәсіпкер Жасұлан Шамұратов ойын алаңдарын орнату жұмыстарын қолға алған. Жылдам әрі сапалы аяқталған балалар ойын алаңының өткен жексенбіде ашылу салтанаты өтті.
Арнайы барған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, игілікті іске ұйытқы болған жеке кәсіпкерге алғысын жеткізді. Сонымен қатар Әйтеке би кентінің тұрғыны Нағима Қарымсақова жаңадан салынған алаңда асыр салып ойнаған балалардың атынан ризашылығын білдірді.
– Бүгін осындай керемет шараның куәсі болып отырмыз. Балалар жылына байланысты ­аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен оқушылар үйінің жанынан балалар алаңы салынды. Бүлдіршіндерімді әкеліп ойнатып жатырмын. Балалар бақыты үшін жасалған алаңда балғындар мәз-мейрам болып, жүр. Осындай мүмкіншілік жасап жатқан кәсіпкерлерге алғысым шексіз. Кәсіптерінен береке тауып, игі істің ұйытқысы болып жүре берсін. Сонымен қатар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа барша балалар және өзімнің атымнан ризашылығымды жеткізгім келеді. Баланың қуанышынан артық ештеңе жоқ. Сондықтан балаларымыз аман болсын, – дейді ата-ана.

Абзал БАҚЫТҰЛЫ
18 қазан 2022 ж. 366 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 81

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 120

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031