Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар үйі ашылды

Жастар үйі ашылды

Өткен аптада Қазалы ауданының жастары үшін ерекше есте қалатын күн болды. Себебі аудан орталығы – Әйтеке би кентінде жастар үйі ашылды. Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаевтың ізбасарлары қасиетті Қазалы ауданының өсіп-өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Жаңа нысан тың жобаларды әзірлеуге, жастардың басын біріктіруге, еріктілердің қызметін дамытуға таптырмас мүмкіндік болары анық.
Жастар үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, жастарға жылы лебізін жеткізді.
– Ауданымыздың мерейін асқақтатып, өздерінің білімі, шығармашылық жұмыс­тары және спорттағы жетістік­терімен облыс, республика, қала берді Халықаралық деңгейде танылып жүрген жастарымыз жетерлік. Біздің тарапымыздан талантты жастарға әрдайым қолдау көрсетіліп келеді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Жастар – ел ертеңі» екенін ескерсек, Тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстар жастарымызға жасалған қамқорлық бұдан ары да жалғаса беретін болады.
Оның айқын дәлелі ретінде өткен жылы Қазалы қаласында жастар ресурстық орталығы ашылғанын айтсақ болады. Бүгін міне, Сіздер де өз алдарыңызға бөлек шығып, жаңа ғимаратқа қоныс аударып жатырсыздар. Қазір талабы бар жасқа оқуға, білім алып жетілуге мүмкіндік мол. Жастармен белсенді жұмыс істеп, оқитынына бағыт беріп, оқымайтынына оқуға жағдай жасап, жұмысқа орналастыруға немесе кәсіп ашуға көмек көрсетілуі қажет. Бұл бағытта оң жұмыстар атқарылатынына сенімім мол, – деді М.Әуесұлы.
Салтанатты шарада Қазалы ауданының құрметті азаматы Болатбек Пұсырманов да құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.
Мұнан соң құрметті қонақтар «Жастар үйін» аралап, мекеме жұмысымен танысты.
Аудандық жастар ресурстық орталы­ғының директоры Нұрбек Ақпанбетов қазалылық жастарға үнемі қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып жүрген аудан басшысына жастар атынан алғысын жеткізді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 қазан 2022 ж. 403 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930