Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманның қожасы да, тұтқасы да – жастар

Заманның қожасы да, тұтқасы да – жастар

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданның белсенді жастарымен аудандық оқушылар үйінің алаңында еркін форматтағы кездесу өткізді.

Кездесуге әлемдік деңгейде танылып жүрген спортшы жастар, аудандық «Серпін» жастары, Ресей Федерациясының жоғары оқу орынында білім алған жастар және түрлі салаларда, шығармашылық бағыттарда жетістіктерге жеткен жастар қатысты. Аудан әкімі ең алдымен аудандағы «Серпін» жастары ұйымдастырған гүлдер жәрмеңкесімен танысып, «Robo» әлемін шыңдап жүрген жастардың робототехника көрмесімен және халықаралық дәрежедегі спорт шеберелерінің жеткен жетістіктерімен танысты.
Мұнымен қоса, аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қолдан тоқу бұйымдарымен айналыстан, жас кәсіпкер Дүйсенбаева Айдананың ЭКСПО-2017 көрмесінде Елбасы тұсау кескен ақ киіздің үстінде, сол жерде бір жасқа енді толған Ажар есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті. Еліміздің болашағы жастар болса, міне соның айғағы тұсауы кесілген Ажар бүлдіршініміз киелі мұра болар кітапты алды.
Салт-дәстүрімізді құрметтеген аудан әкіміне жас отбасы өз ілтипаттарын білдірді.
Кездесу жастарға арналған алаңда, жастармен бірге еркін сұхбаттасумен жалғасын тапты. Жастар жиынын аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Жұмабекұлы жүргізіп отырды.
Жастар ашық түрде сұхбаттасып, еркін ой-пікірлерін білдірді.
Бойынан қарапайымдылықтың жылы лебі ескен парасатты басшы жастардың әр сауалына аса байыппен жауап қайырды.
Елбасымыздың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.
Жастар тарапынан айтылған әрбір мәселенің маңызды екеніне тоқталған аудан әкімі алдағы уақытта ұсыныс-тілектер бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізіп, жастардың бастамаларына сәттілік тіледі.
Аталмыш жиын жастардың жанды дауыста айтылған «Ақұдайлар» әнімен қорытындыланды.
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің
Жастар ресурстық орталығы КММ

23 қыркүйек 2021 ж. 469 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930