Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілікке аудан халқы белсене қатысты

Сенбілікке аудан халқы белсене қатысты

Қазіргі таңда Қазалыда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың өкімімен күз мезгілінде өтетін дәстүрлі санитарлық тазалықтың екі айлығы қызу жүргізілуде.
Әр сенбі сайын Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округтер аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда.
Әйтеке би кентінде ұйымдастырылған тазалық шарасына аудан орталығындағы мекеме-кәсіпорын ұжымдары біркісідей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында «Водакачка» елді мекенінен барар жол, «Мектепбай» каналы, «Қазақ қорымы» және Әйтеке би кентінің шығыс бөлігіндегі теміржол өткелі аумағы шөптерден, қоқыстардан тазартылды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер де базар аумағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Осындай сенбіліктер жиі өткізілсе, ортақ үйіміз саналатын аудан көшелері одан сайын көркейе түсетіндігіне сенім білдіреміз. Барша аудан тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз!

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
02 қазан 2022 ж. 970 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 147

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031