Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Зейнетақының ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайыздан 70 пайызға дейін артады, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Елдің зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып индекстеледі.
"Мысалы, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5 пайызға, ынтымақты зейнетақы 7 пайызға ұлғайды. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11 пайызға өсуін қамтамасыз етті", – делінген министрлік хабарламасында.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.
"Бұдан басқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді", – деді министрліктегілер.
30 қыркүйек 2022 ж. 656 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930