Ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады

– Мысалы, ерлі-зайыптылардың, 55 жастағы күйеуі мен әйелі тиісінше 11,6 млн теңге және 5 млн теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары бар деп алайық.
Бұл ретте күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төмен құны 7,4 млн теңгеге, әйелі үшін – 9,2 млн теңгеге тең. Тиісінше, әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз. Жинақтарды біріктіріп және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойы төлемдер ала алады. Бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қызметті 1 млн жуық адам пайдалана алады, – деді Хаджиева.