Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыны сақтандыру аннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады

Қаржыны сақтандыру аннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады

БЖЗҚ-ға ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшін салымшы (алушы) 12.09.2022 жылдан бастап салымшымен (алушымен) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі қажет.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" баспасөз қызметі қаржыны сақтандыру аннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz қор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 60-бабына бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Заңның 60-бабының 14-тармағында зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасаған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі белгіленген.
БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі сатып алу сомасы мен заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуға тиіс.
Осы тармақтың күші Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.
05 қыркүйек 2022 ж. 264 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930