Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім берудегі сақтандыру тетігі қалай жұмыс істейді

Білім берудегі сақтандыру тетігі қалай жұмыс істейді

Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында білім берудегі жинақтаушы сақтандыру тетігі әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл сақтандыру өнімі банк депозитіне балама болып табылады. Банктік депозитке қарағанда, бұл өнім қосымша сақтандыру қорғауын ұсынады. Ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда сақтандыру шарты бойынша жинақталған сомаға қарамастан оқу құны төленеді. Бұдан басқа, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлемдердің толық сомасына кепілдік береді, ал банк салымы бойынша кепілдік 10 млн теңгеден аспайтын соманы жабады», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, өмірді сақтандыру компанияларының мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы осы өнімді сатудың баламалы арнасын құруға және халық арасында осы жүйенің танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді.
М. Хаджиеваның айтуынша, биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бағдарламасына 4 банк қатысады және жалпы сомасы шамамен 33,5 млрд теңгеге 22 мың депозит ашылған.
Айта кетейік, 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған еді.
Заңға сәйкес, Қазақстанда ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитетін енгізу жоспарланып отыр. Ол ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік береді.
29 қыркүйек 2022 ж. 283 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930