Республиканың кей аймақтарында күн жауын-шашынды болады
Қазақстан территориясының басым бөлігінің ауа райын солтүстік батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ күтіледі.
Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.













