22 сәуірде еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбырдың соңы қарға ұласады
22 сәуір, жұма күні ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронттар өз әсерін сақтайды.
Елдің шығысында - қатты жауын-шашын жауса, солтүстігінде, солтүстік-батысында - жаңбырдың соңы қарға ұласады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте, батыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай жарқылдайды. Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысында найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысында найзағай кезінде желдің 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының тауларында дауыл соғып, найзағай кезінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.