Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 сәуірге ауа райы болжамы: қар, жаңбыр, жел

28 сәуірге ауа райы болжамы: қар, жаңбыр, жел

Синоптиктер 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.

«Республика аумағының басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады» делінген Қазгидромет хабарламасында.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, солтүстікте, батыста шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде батыста, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз орталықта шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының солтүстік-шығысында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің күшеюі күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе қаласының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 сәуір 2022 ж. 380 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930