Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар президенттік сайлауда барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады

Қазақстандықтар президенттік сайлауда барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады

Қазақстандықтар 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс президент сайлауында барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Барлығына қарсымын» графасы заңмен қарастырылған. Егер азамат бір кандидатты таңдамаса, оның барлығына қарсы дауыс беруге құқығы бар», деп түсіндірді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сайлау 20 қарашада өтеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшері бүгінде 3 миллион теңгені құрайтынын хабарлаған едік.
22 қыркүйек 2022 ж. 321 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930