Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік экспедиция мүшелері Қызылордада болды

Ресейлік экспедиция мүшелері Қызылордада болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде Ресейдің Нижневартовск қаласынан басталған «Жеңіс - барлығымызға біреу!» медиа-экспедиция мүшелері Қызылорда облысында аялдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Экспедиция мүшелерінің айтуынша, бұл шара биыл жетінші мәрте өткізіліп отыр. Жылма-жыл дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Оның құрамында Ресейдің округтік жастар парламентінің мүшелері бар. Олар алдымен 5 «ГАЗ-20» және «Победа» көліктерінен құралған кортежбен Ресейдің көптеген қалаларын аралап шықты. 20 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласына келді. Одан еліміздің өзге де қалаларында болып, онда соғыс және тыл ардагерлерімен жүздесті. Өздері қадам басқан әрбір өңірде мәңгілік алау ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Қызылорда қаласында өткен автошеру мүшелерімен жүздесуде қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов жүрекжарды лебізін білдірді. Ал экспедиция басшысы Николай Заболотнев те өз ризашылығын арнады. Ол «Қазақ халқының қонақжайлығы бізді тәнті етеді. Сол үшін алғыс білдіргім келеді. Ұлы Жеңіс мейрамы қазақ жерінде де кең ауқымда тойланып жатқаны қуантады. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет жоғары екенін аңғардым»,- деді ол. Экспедиция мүшелері 9 мамырда өз еліне жетіп, бұл шараны қорытындылауды жоспарлап отыр.
Әділжан Үмбет
inform.kz
04 мамыр 2018 ж. 996 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 95

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930