Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Элизабет Тұрсынбаева Қызылордада шеберлік сабағын өткізді

Элизабет Тұрсынбаева Қызылордада шеберлік сабағын өткізді

Қызылорда қаласындағы «Мұз сарайы» спорт кешенінде белгілі мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жергілікті жас өрендерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр өңірінің саңлағы бүгінгі күнге дейін 4 дүркін Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Сондай-ақ, биыл Оңтүстік Кореяда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап қайтты. Ол елімізде мәнерлеп сырғанау спортынан қыздар арасынан мұндай жоғары деңгейде сынға түсіп жүрген санаулы спортшының бірі саналады. Шеберлік дәрісі барысында ол жас өрендерге мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын үйретті. Соңғы жылдарда Қызылордада да спорттың бұл түрі кеңінен қанат жайып келеді. «Мен жас жеткіншектермен жүздесу барысында олардың аталмыш спортқа ынта-ықыласы жоғары екенін аңғардым. Олар келешекте халықаралық ареналарда Қазақстанды әлемге танытқысы келеді», - дейді ол. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Элизабет халықаралық жарыстарға дайындығын бастайды. Келер жылы оны Ресейдің Красноярск қаласында өтетін қысқы универсиада ойындары мен Жапонияда алауы жағылатын әлем чемпионаты секілді дүбірлі додалар күтіп тұр. Қызылордалық спортшы мұндай жарыстарда тұңғыш рет бақ сынайды.

24 сәуір 2018 ж. 1 423 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 107

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 111

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031