Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер 19 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік жүреді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, шығысында түнде және таңертең тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі болады.
Түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.
19 қыркүйек 2022 ж. 340 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930