Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады

Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ауқымды солтүстік батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) жауады. Республика бойынша кей өңірде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман түседі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
19 тамыз 2022 ж. 855 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 66

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 69

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031