Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық автокөліктер Қазақстанда шығарылмақ

Қытайлық автокөліктер Қазақстанда шығарылмақ

Қазақстанда қытайлық брендтердің автокөліктері шығарылады. Бұл туралы "Астана Моторс" компаниясында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Компанияның ақпараты бойынша, Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автомобиль концерндерімен компанияның Қазақстанда Қытай брендтерінің автомобильдерін шығару құқығын растайтын меморандумдарға қол қойылды.
2023 жылы Алматының индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автомобильдерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыттың құрылысын бастау және оны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Кәсіпорын лицензиялық келісімдер бойынша автомобильдер шығаратын "Астана Моторс" компаниясының 100% меншігінде болады.
Жаңа кәсіпорын автомобильдердің барлық көлемін дәнекерлеу және шанағын бояй отырып, тек ұсақ торапты әдіспен өндіретін болады. Нәтижесінде жылына 90 мың автомобиль шығарылмақ, оның ішінде 60% – ТМД елдеріне экспортталады.

"Біз бұл бизнестің қарқынды дамуының жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстандағы Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялық автомобильдерін өндіруге $200 млн жуық инвестиция салынады", - деп атап өтті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.
Оның айтуынша, жаңа жоба 2,2 мыңға жуық жоғары білікті жұмыс орындарын ашады, олардың әрқайсысы басқа салаларда да жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы "Астана Моторс" компаниясы автоқұрамдауыштар шығаратын зауыт құрылысын бастайды.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда Hyundai маркасының екі моделін құрастыру тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
15 қыркүйек 2022 ж. 305 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930