Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина салдырғандар арасында автокөлік ұтысы өтеді

Вакцина салдырғандар арасында автокөлік ұтысы өтеді

«MEGA Silk Way» СОО «Астана Моторс» ҚМК және Нұр-Сұлтан әкімдігі бірлесіп «Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясын бастайды. 23 маусым мен 31 тамыз аралығында «MEGA Silk Way» СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады. Акцияның бас серіктесі — «Астана Моторс» ҚМК.
Финалдық ұтыс ойынын 5 қыркүйек күні «MEGA Silk Way» СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар, апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар ойнатылады — тұрмыстық техника, түрлі сертификаттар және тағы басқалар.

«Астана Моторс» автокөлігінің ұтыс ойынына 18 жастан асқан және 23 маусым мен 31 тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған қазақстандықтар қатыса алады.

Бұл акцияның мақсаты — Қазақстанда вакцинация қарқынын ынталандыру. Вакцина — COVID-19-дан қорғанудың жалғыз, тиімді жолы. Мұндай акциялар түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т.б. үкіметтері вакцинацияланғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткізуді қолға алған болатын.

«Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Бұдан басқа, «Азия Парк», «Mega Silk Way», «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-да тұрмыстық және компьютерлік техника түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады, сол сияқты жеңілдік купондары беріледі. Сондай-ақ, бұл акцияға «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылатын болады.
23 маусым 2021 ж. 798 0

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 169

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031