Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көлік бағасы қымбаттай ма?

Қазақстанда көлік бағасы қымбаттай ма?

Қазақстанда көліктер қымбаттайды, оның ішінде жаңа көліктер сөзсіз қымбаттайды.
Атап айтсақ, BMW, Hyundai, Subaru, Jaguar, Land Rover, Volvo, MINI, Haval және Chery көліктеріне әсер етеді.
Биылдың өзінде осы маркадағы көліктер бағасы орташа есеппен сегіз пайызға көтерілген. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. «Астана Моторс» компаниясы мәліметіне сүйенсек, бұған ақпан-наурыздағы валюта бағамының өзгеруі себеп болған.
«Hyundai автокөліктері бағасының өсуін бақылауда ұстай алдық. Бірақ құрамдас бөліктердің жаңа бағаммен жеткізілуі және логистикалық тарифтердің өзгеруіне байланысты сәуірдің басынан бері кейбір үлгілер бағасы өзгерді. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында құрастырылатын Hyundai көліктерінің бұрынғы бағасын сақтай алдық.
Алайда, бұл көліктер қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені біз бөлшектер, болат және логистика бағасына тәуелдіміз. Олардың жаңа жеткізілімдері жаңа бағамен келеді, сәйкесінше, бұл автомобиль құнына әсер етеді. Валюта бағамының ауытқуы, сондай-ақ болат, құрауыштар және логистиканың қымбаттауынан бөлек, автомобильдер құнына модельдер мен опциялар жиынтығының жаңартылуы әсер етуі мүмкін», – дейді «Астана Моторс» өкілдері.
07 сәуір 2022 ж. 695 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 38

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 31

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31