Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әлеуметтік әмиянның» банктік шоттан айырмашылығы бар ма?

«Әлеуметтік әмиянның» банктік шоттан айырмашылығы бар ма?

ҚР Сауда және интеграция министрлігі пилоттық режимде «әлеуметтік әмиян» жобасының іске қосылу уақытын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылдың желтоқсанында «әлеуметтік әмиян» жобасының пилоттық нұсқасын енгізу жоспарланып отыр. 2022 жылдан бастап электронды ақша түріндегі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді кезең-кезеңмен «әлеуметтік әмиянға» аудару жоспарланған», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев халққа арнаған жолдауында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестерін барынша цифрландыруды, соған қоса әр азаматтың атына «әлеуметтік әмиян» енгізуді тапсырды.
«Әлеуметтік әмиян» – банктік шоттың баламасы. Әлеуметтік әмияны бар азаматтарға банкке барудың, есепшот ашудың қажеті жоқ. Атаулы әлеуметтік төлемдер тікелей сол әмиянға аударылады. Ол арқылы бюджеттен әлеуметтік бағытқа бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын бақылауға болады.
Қазір барлық әлеуметтік төлем екінші деңгейлі банк шотына аударылады. «Әлеуметтік әмиянның» олардан артықшылығы – банкке жүгінудің қажеті жоқ. Цифрлық әмиян қолға ақша ұстап жүруді қажет етпейді.




16 тамыз 2021 ж. 407 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930