Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда QR-төлем барлық банкке ортақ терминалмен қабылданатын болады

Қазақстанда QR-төлем барлық банкке ортақ терминалмен қабылданатын болады

Бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауда үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашпақҚазақстанда QR-код арқылы төлем жасайтын ортақ терминал жасау жоспарланып отыр. Бұл терминал еліміздегі банктердің бәріне ортақ қызмет көрсетпек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Электронды сауданы дамытуға арналған «E-commerc Forum» атты форумда вице-министр Әсел Жанасова осындай жоспар бар екенін мәлім етті.
Айтуынша, бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашады.
«Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес, Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR болуы керек. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады. Яғни, банктер бір-бірінің QR төлемдерін оқи беретін болады», - деді Әсел Жанасова.
08 қыркүйек 2022 ж. 310 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930