Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар енді 1 желтоқсанда демалмайды

Қазақстандықтар енді 1 желтоқсанда демалмайды

Қазақстандықтар енді 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнінде демалмайды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мереке аталып өтеді. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бірақ демалыс болмайды, менің түсінгенім. Қалғанының бәрі қалады", - деді Абаев мәжіліс кулуарында.
Журналистер министрден мерекені "мемлекеттік" мәртебесінен неге айырғанын сұрады.
"Бірінші президенттің үлесі бар, бәріңіз білесіздер. Қазір де аталып өтеді, ол тұңғыш президенттің күні болады. Жалпы мерекелердің реформасы болады ғой. Соның аясында шығар", -деп жауап берді Абаев.
Айта кетері, бүгін мәжіліс мереке күндеріне қатысты заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады.
Заң жобасында 1 желтоқсан Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау көзделген.
Сондай-ақ 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленеді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болады.
07 қыркүйек 2022 ж. 872 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 110

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031