Қазақстандықтар 2019 жылы 120 күн демалады
2019 жылы қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр.
Жаңа жылмен бірге алғашқы демалыс та басталады. Ол 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін созылмақ. Естеріңізге сала кетсек, 29 желтоқсан – 2018 жылдың соңғы жұмыс күні. Қазақстандықтар 7 қаңтарда да жұмыс істемейді – православ Рождествосы дүйсенбі күніне сәйкес келеді.
Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 2019 жылғы ең ұзақ демалыстар:
- Наурызда бес күн — 21-25 наурыз;
- Тәуелсіздік күніне орай төрт күн – 14-17 желтоқсан;
- Халықаралық әйелдер күні мейрамында үш күн — 8-10 наурыз;
- Жеңіс күніне орай төрт күн – 9-12 мамыр;
- Астананың туған күнінде үш күн – 6-8 шілде;
- Конституция күнінде үш күн – 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
- ҚР Тұңғыш Президенті күнінде үш күн – 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін.
- Қазақстанда Тәуелсіздік күні ұлттық мереке болып саналады. Сонымен бірге қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамырда, Отан қорғаушы күні – 7 мамырда және Тұңғыш Президент күні – 1 және 2 желтоқсанда демалады.
Дәстүр бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 11 тамыз да демалыс. Ол жексенбіге сәйкес келеді, алайда бұл ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, тағы бір күн демалыс берілмейді, деп ескертті Uchet.kz. - Сонымен, қазақстандықтар 2019 жылы 120 күн демалады.
- sputniknews.kz