Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол саласындағы нормативтік құжаттар саны айтарлықтай кемитін болады

Жол саласындағы нормативтік құжаттар саны айтарлықтай кемитін болады

ҚР ИИДМ құжаттарды жеңілдету жөнінде бастама көтерген.Жол саласындағы нормативтік құжаттар саны айтарлықтай кемитін болады
Жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттамалар санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде олардың саны 1 200-ден 50-70-ке дейін кемитін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына нормативтік базаны қалыптастыру барысында өзгеше тәсіл қолдануды тапсырды. Ұлттық стандартты әзірлеу алдында жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізілуге тиіс. Сонымен қатар зертханалық жұмыстардың нәтижесі, тәжірибелік аумақтар мен пилоттық жобаларға ұзақ уақыт бойғы мониторингінің қорытындысы да назарға алынуы қажет. Осы тарапта жүргізілген реформаның нәтижесінде жетілдірілген жаңа құрылымдық нормативтік құжат құрылуы тиіс",- деп жазылған хабарламада.
Ал ондағы құжаттар саны 50-70-тен аспайтын болады. Жаңа пакетте стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың басымдығына айқын шектеулердің енгізілуіне басымдық берілмек. Сондай-ақ жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты құжаттардың оперативтік маңыздылығына да назар аударылмақ.
07 қыркүйек 2022 ж. 493 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930