Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда киік аулауға рұқсат берілмейтін болды

Қазақстанда киік аулауға рұқсат берілмейтін болды

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің ашық деректер порталында киік дериватын жинауға бұйрық жобасын пысықтау үшін қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Экология министрлігі хабарлағандай, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру, нақтылап айтсақ, киіктерді пайдалануды 2023 жылға дейін тыйым салудың нәтижесінде олардың жыл сайынғы орта саны 40%-ға артып отырды.
«2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 миллионға жетті. Дегенмен, бұл жануарлардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек екен. Әсіресе Батыс Қазақстан облысына ерекше назар аудару қажет – онда киіктердің саны 801 мың басты құрайды. Бұл өңірде жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен киіктердің бәсекелестігі арта түскен. Сонымен қатар, киіктер Бастыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында егістіктерге де зиян келтіруде», - делінген комитет хабарламасында.
Бүгінде 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар. Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%) қырылып қалған болатын.
«Қазіргі уақытта киіктердің санын басқару мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленуде. Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесі бойынша шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
10 маусым 2022 ж. 604 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031