Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуліктік су тұтыну: артық пайдаланған айып төлейді

Тәуліктік су тұтыну: артық пайдаланған айып төлейді

Қазақстанда қала тұрғындары үшін тәуліктік су тұтыну нормасы белгіленеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz
«Биыл алғаш рет ілкі жоба ретінде ауызсуды есепке алу аспабы болған кезде бір адамға тәулігіне 140 литрге дейін ғана суды субсидиялау бойынша нормативтік шектеу белгіледік. Ауылдық жердегі әрбір тұрғынға суды субсидиялаймыз. Ауыл тұрғындарына судың текше метрі суды есепке алу аспабы болғанда, 30 теңгені, ал аспапсыз 40 теңгені құрайды. Кейде бізде судың нақты құны 3 мың теңгеге де жетіп жатады», деді ол Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында.
Оның айтуынша, ауылдың әр тұрғынына тәулігіне 140 литр су жеткілікті. Егер тұрғынның бір тәуліктегі тұтынған суы нормадан асып кетсе, онда ол судың артық көлеміне коммерциялық бағамен ақы төлейді.
«Қазіргі уақытта дәл осындай нормативтік шектеуді қала тұрғындары үшін де әзірлеп жатырмыз. Біз адамдарға суды үнемдеуді, бағалауды үйретуіміз керек. Белгіленген норма асып кеткен жағдайда тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне толық тариф төлейтін болады», деп нақтылады Қайырбек Өскенбаев.


11 қараша 2021 ж. 476 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031