Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тындырымды тірлік көп

Тындырымды тірлік көп

Өткен сейсенбіде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Бүгінде Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарқынды дамып келеді. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 106,9 процент, ал өңдеу өнеркәсібі – 107,6 процент артты. Сондай-ақ ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны – 5299 бірлікті құрап, оның 95,6 проценті тұрақты жұмыс істеуде.
– Қазалы ауданындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында көптеген жобалар іске қосылмақ. Мәселен, облыс әкімінің жанындағы Кеңес қарауына жалпы саны 27 жоба ұсынылып, оның 17-сі мақұлданды. Одан бөлек, 14 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде 711 кәсіпкерлік субъектісі ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Сонымен қатар индустрияландыру бағдарламасы аясында бірқатар ауқымды жобалар қолға алынды. Оларға тоқталар болсақ, «Балық қалдықтарынан балық ұнын өңдіру» жобасы мен «Қамыстан экологиялық таза құрылыс материалдарын дайындауға арналған шикізат өндірісі» жобасы. Аталған жобаларды жүзеге асыруға тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Брифинг барысында аудан әкімі Қазалыда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын тілге тиек етті. Айтуынша, биыл ауданда 4 нысан халық игілігіне пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 17 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
– Аудандағы құрылыс саласында айтарлықтай өсім бар. Дәлірек айтқанда, осы жылы құрылыс жұмыстарның көлемі – 2,5 миллиард теңгені құрап, 11,3 процентке артты. Нәтижесінде 17 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Оның 7-уі өткен жылдан өтпелі болса, 10 нысан жаңадан бой көтереді, – деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.
Одан бөлек, ауданда егіншілік жайы да қарқынды. Дәлірек айтсақ, 17 402 гектар жерге ауыл дақылдары егілді. Ал басты дақыл күріштің көлемі – 6361 гектарды құрады. Сонымен қатар, аймақтағы су тапшылығына байланысты егін дақылдарын әртараптандыру бағытында егіс көлемі кеңейді. Бұл туралы өткен брифингте аудан әкімі М.Әуесұлы мәлімдеді.
– Өздеріңіз білетіндей, Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты күріштің көлемі қысқартылып, орнына суды аз қажет ететін дақылдардың көлемі ұлғайды. Мәселен, биыл аудандағы егіс алқаптарына жаздық бидай – 14 гектарға, арпа – 48, мақсары дақылы – 148, картоп – 30, бақша дақылдары – 14, көкөніс – 70, жоңышқа – 53 гектарға егілді. Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарына бос жатқан жерлерді игеруге және өнім көлемін көбейтуге арнайы 114 гектар жер дайындалды. Бұл жерлер бақша және көкөніс дақылдарын егу үшін 58 отбасыға бөлініп берілді. Сондай-ақ ауданда егіс алқаптарын заманауи технологиялардың көмегімен суару әдісі қолға алынып жатыр. Бұл ретте «РЗА» АҚ шаруа қожалығы облыста алғашқы болып жаңбырлатып суару әдісін қолдану арқылы сүрлемдік жүгеріні егуде. Айта кетейін, биыл ауданда 3539,5 тонна өнім түрі бірнеше шет мемлекеттерге экспортталды, – деді ол.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 1 мың дана әлеуметтік нан 36 сауда үйлер мен дүкендерде 75-85 теңгеден сатылуда.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға­сын тұрақтандыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен айналым схемасы арқылы 20 миллион теңгені құрайтын заем алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді аудан басшысы.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
06 тамыз 2022 ж. 430 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930