Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын белгі» иегерлері педагогика мамандықтарын жиі таңдайтын болды - Асхат Аймағамбетов

«Алтын белгі» иегерлері педагогика мамандықтарын жиі таңдайтын болды - Асхат Аймағамбетов

2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салынуы тиіс, ол үшін 100 мыңнан астам білікті педагог қажет. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда тамыз форумында модератор Нұрлан Қиясов биыл Ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің 75%-ы шекті балдан өтпегенін мәлімдеді.
«Бұл жерден «Келешекте бізде педагогтердің тапшылығы болмай ма?» деген сауал туындайды», - деп сұрақ қойды ол министрге.
«Иә, бұл расымен өте маңызды мәселе. Президент тапсырма берді және біз мұндай қажеттілік бар екенін көріп отырмыз. Біз 2025 жылға дейін шамамен 1 млн оқушы орнын енгізуіміз керек. Бұл кем дегенде 1000 мектеп. Бірақ, біз үшін 1000 мектептің құрылысы емес, осы мектептерге кадрлар даярлау мәселесі тұр. Бізге 100 мыңнан астам педагог қажет болады. Олар жоғары білікті болулары керек. Оларды дайындау біз үшін үлкен мәселе. Біз биыл алғаш рет сертификаттау рәсімін енгіздік. Сертификаттаудан шамамен тек 27%-ы өтіп, мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алды», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оқу-ағарту министрі Білім және ғылым министрі болған кезінде болашақ ұстаздарға сапалы білім алуға мүмкіндік бермейтін 36 университеттің лицензиясын қайтарып алғанын еске салды.
«Біздің 3-4 жыл бұрын үлкен реформа жүргізіп, жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік бергеніміз есімізде. Педагогикалық университеттерде бағдарламалар өте регламенттелген, олардың типтік оқу жоспарлары студенттерге еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан қазір бізде кешенді шаралар қабылдануда. Сертификаттау қалады, педагогикалық білім туралы диплом әрине маңызды рөл ойнайды. Алайда, диплом алғаннан соң, мектепке келіп, өз кәсібіне кірісу үшін болашақ педагогтарға міндетті түрде ұлттық біліктілік тестілеуінен өтулері қажет. Себебі, онда олар өздерінің пәндік білімдері мен оқыту әдістемелерін тапсырады және көрсетеді. Біз осы позицияда тұрамыз», - деді министр.
Асхат Аймағамбетов педагогтерді қайта даярлаудың жаңа жүйесі енгізіліп жатқанын айтты.
«Мысалы, бізде химиктер бар, бірақ, олар химия пәнінің мұғалімдері емес, немесе тарихшылар, бұл да ғылыми бағыт, бірақ, олар да тарих пәнінің ұстаздары емес. Біз оларға осы мамандыққа «бүйірден кіруге» мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық, олар қайта даярлау курстарынан өтеді. Онда негізінен педагогикалық практика және оқыту әдістемесі болады. Ары қарай олар мектепке келіп, жұмыс істеулеріне болады. Бұл педагогтердің жетіспеушілігі мәселесін шешеді», - деді спикер.
Министр сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы үлкен әсер еткенін атап өтті.
«Бұл мамандыққа осыдан бірнеше жыл бұрын ең төмен көрсеткіштермен мектеп түлектері келетін. Ол кезде Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы шамамен 55 балл, ең жоғары балл - 140, шекті балл - 50 болатын. Яғни, ең аз балл жинаған мектеп түлектері бұл мамандықты таңдайтын. Қазіргі таңда қабылданған өзгерістердің арқасында орташа балл 100-ге жуық балл болды. Бұл мамандықты таңдаған «Алтын белгі« иегерлерінің саны екі есеге артты», - деді Асхат Аймағамбетов.
25 тамыз 2022 ж. 250 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930