Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Биыл 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады.

1 мен 10-шы сыныптарға арналған сынып сабақтары да осындай режимде өтеді. Онда әр сынып бойынша жыл қорытындысы шығарылады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сынып жетекшілері оны қай уақытта, қалай өткізетіндерін өздері шешеді. Ал, маусымның 3-і мен 4-і күндері барлық түлектерге аттестат тапсырылады. Оны ұйымдасқан түрде және талаптарды сақтай отырып өткізу керек. Айта кетейін, биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Іс-шараларға ата-аналардан бір тиын да жиналмауы тиіс. Оған директорлар тікелей жауап береді. Сондай-ақ, әртүрлі агенттіктер, жекеменшік студиялар мен аниматорлар шақырылмайды. Мерекелік дастарқан деген атымен болмауы керек. Ал, автомобиль жалдап, түлектердің топ болып қаланы аралауына жол бермеу үшін ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп бастапты.


22 мамыр 2020 ж. 1 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031