Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедек жандар үшін тиімді ме?

Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедек жандар үшін тиімді ме?

Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 237 мыңнан астам қызмет алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 204,8 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,6 мың – ымдау тілі қызметін, 25,8 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 59 мың тапсырыс рәсімделді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 824 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 246 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 635 ымдау тілін қызметін, 90 санаторлық-курорттық емдеуді, 65 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.
Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.
11 тамыз 2022 ж. 552 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 34

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 30

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930