Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Байқоңырда» «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

«Байқоңырда» «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-18» көліктік басқарылатын кемесін ұшыру алдындағы дайындықтары жалғасуда. ҚазАқпарат меншікті тілшісі бұл туралы Роскосмос-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыстар кестесіне сәйкес, сынақ-монтаждау корпусының жаңғырық шықпайтын камерасында кеменің автономды сынақтарының циклі өткізілді. Сондай-ақ «Союз МС-18» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына жақындауы мен түйісуін қамтамасыз ететін радиотехникалық аппаратураның қызметін тексеру бойынша операциялар жүргізілді. «Союз МС-18» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылдың 9 сәуірінде ұшырылатыны жоспарланған. Кеме Халықаралық ғарыш станциясының бортына келесі – 65-інші негізгі экспедицияның экипажын жеткізетін болады. Еске салайық, Байқоңырдан жақын уақытта болатын старттар: 2021 жылдың 15 ақпанында - «Прогресс МС-16» ғарыштық жүк кемесі, 28 ақпанында «Арктика-М» ғарыш аппараты ұшырылады.
08 ақпан 2021 ж. 2 442 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930