Биыл Байқоңырдан 11 зымыран тасығышы ұшырылмақ

Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылға бекітілген ұшыру жоспарына сәйкес келесі ұшырылым 30 маусымға жоспарланған. Бұл күні «Прогресс МС-17» ғарыш жүк көлігін орбитаға шығаратын «Союз 2.1 а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған. Жаздың соңына дейін тағы үш ұшырылым жоспарланған. 15 шілдеде Халықаралық ғарыш станциясына арналған «Ғылым» зертханалық модулімен «Протон-М» зымыран тасығышы, 2 тамызда «Фрегат-М» үдемелі блогы бар «Союз-2-1Б»зымыранында OneWeb 34 спутнигі, 26 тамызда «Союз-2-1Б/Фрегат-М» зымыранында OneWeb 34 спутнигі ұшырылуы керек. Байқоңыр ғарыш айлағынан ең көп ұшырылым 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Тамыз-қыркүйек айларына биыл осымен екінші рет «Экспресс-АМУ3, Экспресс-АМУ7» ғарыш аппараттарымен «Протон-М»зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр.

