Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Іздегенге сұраған мамандар

Іздегенге сұраған мамандар

Биыл Мемлекеттік комиссия шешімімен медициналық мамандықтар бойынша білім алған 4,1 мың түлектің 2,9 мыңы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері тапшы аймақтарға қызмет етуге бөлінді.
Медициналық жоғары оқу орындарын бітірген 4 137 түлектің 2 981-і өңірлерге бөлінді. Оның ішінде бакалавриат – 116, интернатура – 2 644, резидентура – 1 153, магистратура – 90, докторантура – 134. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында медициналық мамандықтар бойынша 2022 жылы оқуын аяқтаған 1 156 түлек «Білім туралы» заңның 17-2 тармағына сәйкес мемлекет есебінен тегін оқу ақысын еңбекпен өтеу міндеттемесінен босатылды (олардың қатарына мүгедектігі бар жандар, резидентура, магистратура, докторантурада оқуын жалғастырушылар, жүкті әйелдер немесе үш жасқа дейін баласы бар немесе баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғандар, т.б. жатады).
«Айта кетерлік жайт, жергілікті әкім­діктер өңірлерге кадр тарту әрі ынталандыру мақсатында ауылдық жерге еңбек етуге келген жас мамандарға 100 АЕК көле­мінде көтермелеу қаржысын төлеуді қарас­тырады және 1 500 АЕК көлемінде үй алуға немесе үй құрылысына бюджеттік кредит ұсынады. Сондай-ақ бірқатар өңір­де республикалық не жергілікті бюджет қаражаты есебінен, медициналық ұйым­дардың бюджеттен тыс қаржысы есебінен үй алуға бюджеттік кредит беру секілді қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарас­тырылған», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар жыл сайын медицина мамандықтарына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі ұлғайып келеді. 2022 жылы шамамен 4 700 грант бөлінді. Оның ішінде бакалавр пен интерндерге – 2 700 орын, резиденттерге – 1 500 орын, магистранттарға – 325 орын, докторанттарға 160 орын бөлінген.
04 тамыз 2022 ж. 365 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930